Биологиялық қорғау бөлімшелері коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Семей қаласының үйлері мен дүкендерін арнайы ерітіндімен өңдеді, деп хабарлайды “Қазақпарат” ақпарат агенттігі.
Дезинфекциялық жұмыстарға “Шығыс” Өңірлік әскери бөлімшенің қызметкерлері биологиялық қорғау жұмысына жұмылдырылды. Олар коронавирусты жұқтыру қаупі бар қаланың бірнеше тұрғын үйлері мен дүкендерін зарарсыздандырды.
Семейдегі нысандарды дезинфекциялау іс-шарасы қауіпті инфекциялар таралуының алдын алу жедел штабымен бірлесе ұйымдастырылды.
Бұл туралы “Шығыс” қолбасшылығының биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы полковник Қайрат Тұрғанбеков пікірін айтты. Ол Семейдің нысандарын өңдеуге адам денсаулығына қауіпті емес арнайы ерітінді пайдаланылғанын айтты.
Подполковник Қайрат Тұрғанбеков Семейде дезинфекциялық жұмыстарға биологиялық қорғау бөлімшелері 400 литрге жуық арнайы ерітінді қолданылғанын атап өтті.
Бұған дейін Семей қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 оқиғасы анықталды. Вирус ағымдағы жылдың 21 наурызында Мысырдан Қазақстанға келген отбасылық жұп, ерлі-зайыптыларда анықталды.