Қарағандыда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қалалық аумақтар мен объектілерге дезинфекция жүргізіледі, деп хабарлайды “Қазақпарат” ақпарат агенттігі.
Дезинфекциялық жұмыстарды биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскери қызметшілері жүргізеді. Бүгін Қарағандыда темір жол вокзалы мен автовокзалға дезинфекция жүргізу жоспарлануда.
Қазір Қарағандыда жағдай тұрақты, жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ, ал бұрын инфекция анықталған екі пациент қажетті емдеу курсынан өтіп жатыр.
Қарағанды облысында 460-тан астам адам карантинде, оның ішінде 300-ден астам пациент стационарға орналастырылған. Олар коронавирус бойынша қолайсыз елдерден келген немесе науқастармен тығыз байланыста болған азаматтар.
Бұған дейін Қазақстан Қорғаныс министрлігінде дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін биологиялық қорғау бөлімшелерінің санын көбейтетінін айтқан болатын.
Қорғаныс министрлігінде қазақстандық әскери қызметшілер Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Тараз қалаларының нысандарын дезинфекциялауға кірісуге дайын екенін нақты айтқан..
Сурет: 24.kz