Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық заң жобасында, Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Ол қазір қамауға алынды.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша: “Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2 тамызға дейін, күдікті Суханбердиеваға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады”.
Жақында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеудің басталғандығы туралы хабарлады, бірақ қандай вице-министр туралы айтқан жоқ болатын.
Анықтама үшін: Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы 1971 жылы, 26 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Алғашқы жұмысы – Шевченко атындағы №16 орта мектепте тарих пәнін оқытушы болып жұмыс істей бастаған. Білім және ғылым вице-министрі 04.2016жылдан бастап 08.2017жыл аралығында болды. Өткен жылы 17.09.2018ж, осы лауазымға ие болған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 24 мамырда БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының басшысын тұтқындау туралы белгілі болды.