“Қиын” балалар мен жасөспірімдерді түзету үшін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев алдын алу шарасы ретінде бас бостандығынан айыру орындарын көрсетуді ұсынды.
“Балаларға алдын алу шараларын қолдану үшін. ІІМ қолдайтын, әбден мүмкін, бағдарламалардың бірі, 2-3 адамнан келіп қамау орындарын көрсету. Олар өздерінің қайда баратынын алдын ала көрулері үшін”, – деп түсіндірді Ерлан Сағадиев.
Осы кеңесте Білім және ғылым министрінің балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер қазақстандық балалардың 62%-ға жуығы зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке ұшырағанын айтты. Оның айтуынша, елде қолайсыз отбасыларда 15 мың бала тұрады, аз қамтылған 214 мың жасөспірім бар. Тек 2018 жылы 2,5 мыңға жуық ата-ана ата-ана құқығынан айырылды.
Сулет: nur.kz