Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанды аралап, қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” жаңалықтар ресурсы.
Облыс орталығын аралау барысында өңір басшысы ағымдағы жылы қала толығымен газбен жылытуға көшетінін мәлімдеді.
Өмірзақ Шөкеев Түркістан қазандықтары табиғи газға ауысуына байланысты, барлық жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуы тиіс екенін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, әкім осының арқасында қалада облыс орталығының басты проблемасы – экологиялық мәселе шешілетінін атап өтті.
Түркістанды аралау барысында Шөкеев инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп жатқан
қаланың мәдени-рухани орталығының аумағын абаттандыру жұмыстарын тексерді.
Түркістанның атқарушы билік органының айтуынша, қалада жүргізіліп жатқан жұмыстар мемлекет есебінен ғана емес, шетелдік инвесторлар есебінен де жүзеге асырылуда.
Сурет: ktk.kz