Солтүстік Қазақстан облысының және Алматы қаласының бұрынғы прокуроры Берік Асылов Бас Прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды, Tengrinews.kz Ақорда сайты.
Хабарламада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Берік Ноғайұлы Асылов Бас Прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды делінген.
Асылов Берік Ноғайұлы 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Киров атындағы ҚазМУ бітірді, мамандығы заңгер. Әр жылдары Алматы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Бас прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратура бөлімінің бастығы, Шымкент прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2008 жылы Ақтөбе облысының прокуроры, 2010 жылы – Бас прокурордың орынбасары, 2011 жылы – Алматы қаласының прокуроры болып тағайындалды. 2017 жылғы ақпаннан бастап СҚО прокуроры лауазымында болды.
Сурет: tengrinews.kz