Беларусь премьер-министрі Роман Головченко Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде жолаушылар қатынасын қалпына келтіру процесін жеделдетуді ұсынды, деп хабарлайды mir24.tv жаңалықтар ресурсы.
Головченко бұл ұсынысты кеше ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің бейнеконференция форматында өткен отырысында айтты.
Головченко өз сөзінде індет және оның теріс салдары посткеңестік кеңістіктегі барлық мемлекеттерге соққы бергенін айтты. Ол экономикалық дағдарыстан шығу үшін ТМД елдері бірлесіп әрекет етуі керек деп санайды.
Сонымен қатар, Беларусь Премьер-Министрі интеграциялық процестерді тиімді пайдалану Достастық мемлекеттеріне індеттің салдарын еңсеруге және ынтымақтастықтың экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Бұған дейін Қазақстанның атқарушы билік басшысы Асқар Мамин ТМД елдерін достастық әлеуетін белсенді пайдалануға шақырғаны хабарланған, бұл Премьер-Министрдің пікірінше, мемлекеттерге індет пен дағдарысты жеңуге мүмкіндік береді.
Сурет: pravo.moe