Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Асқар Мамин Беларусь еліндегі әріптесі Роман Головченкомен кездесті.
Беларусь Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі Роман Головченко Асқар Маминмен кездесуде Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы екі ел арасындағы өзара саудаға баса назар аударды.
Беларусь үкіметінің басшысы айтуынша, оның елі мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі бір миллиард долларға жетуі мүмкін.
“Сауда статистикасы мемлекет басшылары қойған бір миллиард көлеміндегі тауар айналымы жоспары әбден қол жетімді екенін көрсетеді, біз соған жақындадық. Әрине, биыл пандемияға байланысты іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі себебінен сауда көлемі азайды, бірақ бұл қауіп төндірмейді”,-деді Беларусь премьер-министрі.
Роман Головченко Беларусь Республикасы өзара сауданы тең құқылы жағдайда кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.
Сурет: news.vitebsk.cc