Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілдері агенттік Bek Air әуекомпаниясына қайтадан талап арыз беретінін хабарлады, ол өз клиенттеріне тоқтатылған рейске алған билеттердің ақшасын өтеуге міндетті, бірақ әлі төлеген жоқ, деп хабарлайды zakon.kz
ақпарат ресурсы.
Бұл 2019 жылдың желтоқсан айында Алматы әуежайының маңында апатқа ұшыраған әуе тасымалдаушысы үшін үшінші талап арыз болады.
Алдыңғы талаптардағыдай, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Bek Air компаниясынан клиенттерге болмаған рейске сатып алынған билеттердің
ақшасын қайтаруын талап етеді.
Комитет өкілдерінің айтуынша, үшінші талап арызда
ведомство авиабилеттерді сатып алған 108 азаматтың мүддесін қорғайтын болады, олардың билетке жұмсаған ақшасының жалпы сомасы 7,6 миллион теңгені құрайды.
Бұрынырақ сот Bek Air авиакомпаниясына тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті берген екі талапты қанағаттандырып, жалпы сомасы 60 миллион теңгеден асатын билеттердің құнын қайтаруға міндеттеді.
Bek Air жолаушылар лайнерінің апаты өткен жылдың 27 желтоқсанында орын алды. Әуе кемесінің апатқа ұшырауы салдарынан 12 адам қаза тауып, 50-ден астам адам дене жарақатын алды.
Сурет: polet.me