Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

4 года назад
Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға дейін сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылы желтоқсанда Алматы әуежайы маңында Bek Air ұшағының апатынан кейін әуежайға тым жақын орналасқан жер учаскелерінің заңдылығы тексерілген болатын. Тергеу барысында 5 шенеунік пен 1 риэлтор күдікке ілінді. Атап айтар болсақ, Рустам Тұрысбеков, Жарас Машимбаев, Медеу Қалыбеков, Берік Абдуллаев, Қайрат Алтынбекұлы, сондай-ақ делдал – риелтор Нұрайым Алданыш. Бүгін, 12 мамырда сот үкімі шықты. Жер регистрі ғылыми-өндірістік орталығы Талғар аудандық бөлімінің бұрынғы бастығы Жарас Мәшімбаевқа 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шықты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған рақымшылыққа байланысты оның мерзімі бір жылға дейін қысқартылды. Нәтижиесінде 3 жыл шартты жаза тағайындалды.

Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Рустам Тұрысбеков кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5,6 жыл берді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған рақымшылыққа байланысты оның мерзімі қысқартылды. Нәтижесінде ол 4,1 жылды қауіпсіздігі шектеулі колонияда өтеуі керек болады. Бұрынғы Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы аймақтық бөлімі бастығының міндетін атқарушы Медеу Қалыбековке де 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы сот үкімі шықты. Рақымшылыққа байланысты ол 3 жыл шартты жаза арқалады. Басқарманың Жерге орналастыру секторының бұрынғы бастығы міндетін атқарушы Берік Абдуллаевқа 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Рақымшылықтың арқасында оған 3 жыл шартты жаза қолданылды. Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Қайрат Алтынбекұлы кінәлі деп танылды. Сот оны 6 жыл мерзімге мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, қауіпсіздігі шектеулі колонияда 4 жылын өткізуді бұйырды. Рақымшылыққа байланысты оның мерзімі қысқарып, колониядағы мерзімі 3 жыл деп тағайындалды.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

Келесі

Солтүстік Қазақстанда құрбысының үйіне қонған әйел бір ажалдан аман қалды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

Батыс ұсыныстары болашақта қазақстандықтарды сауатсыз етеді
Саясат

2 жасар баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйелге сот қаулы шығарды

12/05/2021 12:28

Алматы облысында 2 жастағы баласын өлтіріп тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық соты таратқан мәліметке қарағанда, әйел адам шизофрения ауруына шалдыққан. Сол себепті оған қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды. Енді 27 жастағы...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.