Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев аймақта мұнайды терең өңдеу зауыты салынатынын мәлімдеді.
“Мұнайды терең өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр, инвестор – “ABS Мұнай” ЖШС, инвестиция көлемі – 158 миллиард теңге. Зауыт 2022 жылы іске қосылады деп жоспарлануда”, – деді облыс әкімі.
Ол сондай-ақ, өңірде ағымдағы жылдың 9 айында инвестициялық капитал 36% – ға өсіп, 388 миллиард теңгені құрағанын атап өтті. Бүгінгі күні БҚО-да 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, олардың сомасы бір триллион теңгеден асады.
“Жалпы Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті өте үлкен. Біз АӨК, туризм және көліктің транзиттік ағынын пайдалану бойынша жаңа инвестициялық жобалар пулын дайындаудамыз. Инвесторларға қызмет көрсету жүйесін құруды аяқтаймыз, ол әлеуетті инвесторлардың сұрақтарына жедел және сапалы жауап береді”, – деп түйіндеді спикер.
Сурет: informburo.kz