Екінші нарықатағы тұрғын үйлердің бағасы өткен айдың деңгейінде қалды, ал жайлы тұрғын үйлердің бағасы 0,4% – ға өсті, деп хабарлады министрлігінің Статистика комитеті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 1,2% – ға өсті.
Орташа алғанда, республика бойынша жаңа тұрғын үйдің шаршы метрін сату бағасы 2018 жылғы қарашада 265 710 теңгені, қайта сатылатын абаттандырылған тұрғын үй – 185 642 теңгені, абаттандырылмаған тұрғын үй – 114 260 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу – бір шаршы метр үшін 1 383 теңгені құрады.
Сулет: abctv.kz