Бүгін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова өткізген онлайн-брифингте Қазақстанда қанша журналист СОVID-19-бен ауырғанын хабарлады, деп жазады “Қазақпарат” ақпарат агенттігі.
Есмағамбетова коронавирустық инфекция БАҚ-тың 7 өкілінен анықталғанын, оның үшеуі COVID-19-дан емделіп, ауруханадан шығарылғанын айтты.
Бас сандәрігер қалған журналистер әлі емделіп жатқанын мәлімдеді. Олардың денсаулық жағдайын медицина қызметкерлері қанағаттанарлық деп бағалайды.
Сондай-ақ, онлайн-брифинг аясында Есмағамбетова жұмыс берушілерге өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс форматына жіберуді ұсынды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ол әбден мүмкін және жұмыс процесі одан зардап шекпейтінін атап өтті.
Сонымен қатар, бас қазақстандық сандәрігер біздің республикада коронавирусты жұқтырудан сауығып жатқандардың саны күн сайын артып келетінін айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда ресми түрде 11571 COVID-19 ауруы тіркелді, елімізде коронавирустан емделген адамдар саны 5757.
Сурет: time.kz