Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өткен жылы біздің елімізде жеті миллион әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын айтты. Бұл туралы baigenews.kz ақпарат агенттігі жазады.
Комитеттің мәліметінше, бес жарым миллион бұзушыға айыппұл салынды, олардың жалпы сомасы 80,5 миллиард теңгені құрады. Олардың 55,8 миллиардтан астамы өндіріліп алынды.
Ең көп айыппұл салынған, атап айтқанда 1,6 миллион Алматы қаласында. Бұл рейтингте бір миллион көрсеткішпен екінші орында Нұр-Сұлтан тұр. Ең азы Солтүстік Қазақстан облысында – 73 мың.
Мемлекеттік органдар арасында құқық бұзушылықтардың ең көп санын құқық қорғау органдары анықтады, оларға барлық әкімшілік өндірістердің 90%-дан астамы тиесілі.
Комитетте өткен жылы құқық қорғау органдары 52 миллиард теңгеге жуық сомаға 5,3 миллион құқық бұзушы жауапқа тартылғанын атап өтті. Оның 35,2 миллиард теңгесі республикалық бюджетке түсті.
Сурет: kaztag.kz