Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов жақын арада барлық қазақстандық ауруханалар жұқпалы аурулар қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады деп мәлімдеді. Бұл туралы rossaprimavera.ru ақпарат агенттігі хабарлады.
Министр біздің республикада коронавирусты жұқтырғандар ғана емес, басқа да аурулардан емделушілер көптеп пайда болатынын түсіндірді.
Мұндай пациенттерді инфекциялық ауруханаларда емдеу мүмкіндігі жоқ, сондықтан да қазақстандық медициналық мекемелерді қайта бейіндеу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар Елжан Біртанов жұқпалы аурулар қағидаты бойынша аудандық деңгейдегі барлық ауруханалар, емханалар мен жедел жәрдем мекемелері жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі пациентті емдеуден бұрын коронавирустық инфекцияға диагностика жасау рәсімінен өтуі тиіс екенін атап өтті.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында коронавирусты жұқтырудың 1362 оқиғасы ресми түрде тіркелді, бұл ретте олардың ең көп саны Алматыда – 398 оқиға анықталды.
Сурет: ru.sputniknews.kz