Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Банкноттар, сондай-ақ ұлттық валюта — теңге монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» жарлық шығарды.
«Банкноттар мен монеталардың дизайнында қолданылатын жазулардың мәтіні мемлекеттік тілде ресімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталардың дизайнында шетел тілдеріндегі жазулар пайдаланылады», — делінген Жарлық мәтінінде.
Құжат негізінде монеталар мен банкноттар дизайнының міндетті элементтері мыналар болып табылады: номиналдың цифрлық және әріптік белгісі; түпнұсқалықты анықтауға мүмкіндік беретін және қорғау технологияларын пайдалана отырып қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін элементтер;эмитент елінің атауы; банкноттардың беткі жағында және монеталардың сыртқы жағында орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі.
Сурет: kaztag.kz




