Жақын арада, 28 ақпанда Байқоңыр ғарыш айлағында Арктика аймағындағы климат пен қоршаған ортаны бақылауға арналған “Арктика-М” спутнигін ұшыру жоспарланып отыр. Мұндай мәлімдемені Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестіктің (ҒӨБ) өкілі Иван Москатиньев жасады.
Ол спутник “Союз-2” зымыран тасығышы мен “Фрегат”үдеткіш блогының көмегімен орбитаға шығарылатынын айтты.
Жалпы, Ресей тарапы Жер планетасының полярлық аймақтарының жағдайы туралы метеорологиялық және гидрологиялық ақпаратты жинау үшін Арктика-М 5 спутнигін ғарышқа ұшыруға ниетті. Екінші аппаратты іске қосу 2023 жылға, ал қалған үш аппаратты іске қосу 2024-2025 жылдарға белгіленді.
Лавочкин атындағы ҒӨБ – бұл Химкадағы ресейлік зымыран-ғарыш индустриясы кәсіпорны. Бүгінгі таңда оның қызметі ғарыш құрылғылары мен үдеткіш блоктар өндіруге бағытталған.