Кейбір техникалық ескертулерге байланысты «Спектр-РГ» ресейлік астрофизикалық обсерваториясымен «Протон-М»зымыран-тасығышын ұшыру күні ауыстырылды. Бұл туралы Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлайды.
«ДМ-03» екпіндеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран-тасығышын және «Спектр-РГ» ғарыштық обсерваториясын дайындау кезінде ескерту анықталды. Мемлекеттік комиссия ұшыру уақытын резервтік күнге ауыстыру туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады Роскосмоста.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық ғарыш айлағынан «Спектр-РГ» ғарыш телескопының ұшырылуы теледидардың тікелей эфирінде көрсетіледі деген ақпарат болған.




