18 қаңтарда, кешке, Бұқтырма су қоймасының Аққұдық учаскесінде ВАЗ-2109 маркалы автокөлік мұз астына құлап кетті. Төрт адам мұз бетіне шығып, ал 2013 жылы туған қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА. Бұл туралы ІІМ ТЖК өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты.
Автокөлікте бес адамнан тұратын отбасы – ерлі-зайыптылар мен үш баласы болған. Ата-аналар және екі баласы су қоймасының жасанды су айдынынан мұз бетіне шығып, ал кішкентай қыз қаза тапты.
Бүгін таңертең ШҚО Күршім ауданында Алғабас ауылынан 10 шақырым жерде ТЖК облыстық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сағат 7.30-дан бастап баланың денесін іздеді.
Сағат 9.30-да баланың денесі табылды.
Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі