Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Көк Жайлау шатқалындағы тау шаңғысы курортының құрылысына тыйым салу туралы шешімін БҰҰ-да қолдағаны туралы хабарлады. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми бетінде жазды.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы қызметін қоса атқаратын БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ольга Алгаерованың хаты келіп түсті.
“Қандай да болмасын шешім қабылдарда халықтың пікірін ескеру, көпшілік тыңдаулар өткізу және азаматтарға іс-шаралардың мәнін белсенді түсіндіру керек” деген сөзіңізден улкен әсер алдым.Бұл жолдау Қазақстанның ашық әрі халықтың кең қатысуына негізделген шешімдер қабылдау үдерісін ілгерілетуге деген нық ұмтылысын көрсетеді”, – деді Ольга Алгаерова.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде біздің республикамыз БҰҰ-мен және оның құрылымдарымен еліміздің және өңіріміздің экологиялық проблемаларын шешуде одан әрі ынтымақтасатынын айтқан болатын.