Австрияның астанасында “Шетелдік лаңкес содырлар – заманауи сын-қатерлерді шешу” атты аймақтық конференция өтті, оған Қазақстан сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев қатысты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл іс-шараны ЕҚЫҰ Швейцария Үкіметімен, БҰҰ Терроризмге қарсы басқармасымен және Албанияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Өңірлік конференцияға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Қазақстан министрінің орынбасары әлеуметтік желілерде лаңкестікті насихаттайтын әр түрлі ақпараттың таралмауы үшін біздің республикамызда қандай шаралар қабылданатынын айтты.
Сондай-ақ, әлемдік қауымдастықтың террористік белсенділік аймағынан өз отандастарының репатриациялаудағы Қазақстан Республикасының тәжірибесіне қызығушылығын ескере отырып, Ержан Ашықбаев эвакуациялық операцияларды жүзеге асыруда туындайтын проблемалар туралы айтты.
БҰҰ мен ЕҚЫҰ сарапшылары Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары тыңдап, біздің еліміз – Таяу Шығыстағы қақтығыстар аймақтарынан өз азаматтарын репатриациялау саласындағы әлемдік көшбасшы екенін мәлімдеді.
Сурет: Inform.kz