Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Бүгін Қазақстанда тыныштық күні

6 года назад
Сегодня в Казахстане День тишины

9 маусымда, жексенбі күні республика азаматтары жаңа президент таңдайды.

Мемлекет басшысын сайлау алдындағы күн тыныштық күні деп аталады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлау күні және оның алдындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынған. Бұл үгіт-насихат жұмыстарының барлық түрлеріне қатысты: тыныштық күні теледидардан сайлауалды роликтерді көрсетпейді, парақшалар таратпайды, сайлаушылармен кездесулер өткізбейді.

Сайлау алдындағы үгіт жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталуы тиіс.

Бұл ретте бұрын сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс орналастырылған баспа үгіт материалдары өз орындарында қалады. Бұрын интернетте орналастырылған үгіт материалдары да сақталады. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға болмайды.

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау күні, 2019 жылғы 9 маусымда, учаскелік сайлау комиссияларында дауыс беру, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Дауыс беру елдің барлық аумағы бойынша және одан тыс жерлерде 9 968 сайлау учаскесінде өтеді.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сайлаушылар тізіліміне дауыс беру құқығына ие 11 814 019 азаматты енгізді.

Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау сағат 20:00 басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды.

Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және хаттама жасалған күннен бастап екі күн мерзімде-11 маусымнан кешіктірілмей ҚР ОСК-ға жеткізіледі.

Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау, Қазақстан Республикасының сайланған Президентін тіркеу үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясына жеті күн – 2019 жылғы 16 маусымнан кешіктірмеу көзделген.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау қорытындылары туралы есепті сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен кешіктірмей — 19 маусымнан кешіктірмей, кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы туралы және ақшалай қаражат көздері — сайлау қорытындылары шыққаннан кейін 10 күн ішінде — 2019 жылдың 29 маусымынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Новости СМИ2
Алдыңғы

ЖСДП басшылығы Атырау облысында бақылау процесін үзуге әрекет жасағанын мәлімдеді

Келесі

Бас прокуратура президент сайлауы күні митингіге қатысудың жауапкершілікгі туралы ескертеді

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.