Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

«ҚазТрансГаздың» басшылығында өзгеріс болды

5 года назад
В руководстве «КазТрансГаза» произошли изменения

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің шешімімен «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков тағайындалды.

Осы қызметті атқарған Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде және «Самұрық-Қазына «ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының келісімі бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма Төрағасының газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі орынбасары лауазымын қоса атқарып, басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Компанияның бас директоры қызметін атқарған Рустам Эдуардович Сулейманов «ҚазТрансГаз»АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметте үлкен тәжірибеге ие. Бұрын Индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қорғаныс министрі, Мемлекеттік хатшы, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Цесна «Корпорациясы»АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаевтың газ саласында 2001 жылдан бері жұмыс тәжірибесі мол. 2016 жылғы тамызда газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі Атқарушы вице-президент болып тағайындалды, 2018 жылғы маусымнан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ барлық компаниялар тобының қызметіне жетекшілік ете отырып, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарады. 2015 жылғы желтоқсаннан бастап «ҚазТрансГаз»АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарды.

Естеріңізге сала кетейік,» ҚазТрансГаз » АҚ отандық және шетелдік газ нарығында мемлекет мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ тасымалдау және газбен жабдықтау компаниясы болып табылады. Компания ҚР Үкіметінің 2000 жылғы ақпандағы қаулысына сәйкес құрылды.

Сурет: zakon.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Петропавл блок-бекеттермен қоршалған

Келесі

Мамин зейнетақы жасын төмендетуді ұсынған коммунистерге жауап берді

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.