Алтай мемлекеттік университетінде Азия университеттері қауымдастығының отырысы өтті. Коронавирус жағдайына байланысты ол бейнеконференцбайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” жаңалықтар ресурсы.
Осы онлайн-пікірталасқа дейін қауымдастық құрамына тоғыз мемлекеттен 76 жоғары оқу орны кірген. Енді олардың саны Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Ауғанстан, Өзбекстан және Тәжікстан аумағынан 28 университетке көбейді.
Тәжікстан Білім және ғылым министрлігінің басшысы, қауымдастық президенті Мухаммадюсуф Сайдали Имомзода өз сөзінде ұйым өзін елдердің ғылым мен білім саласындағы өзара іс-қимылы үшін барлық қажетті жағдайларды жасай алатын беделді бірлестік ретінде көрсеткенін айтты.
Ол білімді насихаттау заманауи қоғамды дамытудың және елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың шешуші факторы болып табылатынына сенімді.
Алтай мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Бочаров өз кезегінде қауымдастық шеңберіндегі университеттер арасындағы өзара іс-қимыл одан әрі нығая түсетінін, өйткені ол еуразиялық кеңістіктегі жоғары оқу орындары арасындағы желілік ынтымақтастықтың белсенді платформасы болып табылатынын атап өтті.
Сурет: inform.kz