Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов, Азия даму банкінің президенті Асакава Масацуго мен Ұлттық банк өкілдері арасында коронавирусқа қарсы күресте біздің мемлекетке көмек көрсету жөнінде келіссөздер өтті.
Бүгінгі таңда Азия даму банкінде коронавирусқа қарсы күрес үшін Қазақстанға өтеусіз техникалық көмек көрсету мәселесі талқылануда. АДБ біздің мемлекетке өкпені жасанды желдету аппараттары мен қорғаныш маскаларын беруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ АДБ-да Қазақстандағы жұмыспен қамту деңгейін қолдау, мемлекеттің шикізат тауарларына тәуелділігін азайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығын, ақпараттық технологиялар мен электрондық сауданы ілгерілету мақсатында экономиканың басым секторлары үшін жұмысшыларды қайта оқыту және экономиканы әртараптандыру талқылануда.
Сурет: inform.kz