Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Қазбек Бейсебаев: Нұр Отан елде болып жатқан барлық оқиғаларға толық жауапты

5 года назад
Казбек Бейсебаев: Нур Отан несет полную ответственность за все происходящее в стране

Дүйсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан билеуші партиясының алғаш рет праймериз жүйесін қолдану арқылы өтетін партияішілік сайлау процесі туралы жариялады. Белгілі қазақстандық саясаттанушы және бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев «Эхо Казахстана»-ның бірқатар сұрақтарға жауап беріп, Мәжілістің кезектен тыс сайлауы мен Нұр Отанның тактикасына түсінік берді.

— Э. К. Нұр Отан партиясының жарияланған праймеризі осы ұйымға жаңа күш беріп, оны жаңғырта ала ма?

— Қ.Б. Бәлкім, Нұр Отан өзі жариялаған праймериз партияға жаңа күш береді деп үміттенетін шығар. Алайда, бұл екіталай. Жаңа күштерді ертерек және үнемі тарту керек еді. Біз өткен сайлауда Нұр Отан өз қатарына танымал адамдарды тартқанын, сонымен бәрі аяқталғанын көрдік. Нұр Отан партиясы мен оның басшылығы көптеген жылдар бойы басқарушы партия ретінде, елде болып жатқан барлық оқиғаларға толық жауапты екенін түсінуі тиіс. Ащық айтқанда, партияның ерекше жетістіктер жоқ.Ал, індет жылдар бойы шешілмеген көптеген проблемаларды ашты.

— Э. К. Праймеризді жариялау парламентке сайлау науқанының басталуы деп атауға бола ма?

— К. Б. Иә, дәл солай. Жақында Білім министрлігі жаңа оқу жылының мектептің демалыс күндерін жариялады. Мұғалімдер сайлау комиссияларының мүшелері екенін бәрімізге белгілі. Сондықтан парламент сайлауы күзгі немесе қысқы демалыс кезінде өтеді деп ойлаймын.

— Э. К. Нұр Отан праймеризі аяқталғаннан кейін, күзде, мерзімінен бұрын сайлау жариялануы мүмкін бе?

— К. Б. Қазір мерзімінен бұрын сайлау өткізудің мағынасы жоқ. Бұл Нұр Отан партиясының мүддесі үшін болар деп ойлаймын, оған халық пандемиядан есін жиғанша өз адамдарын Парламентке тез өткізу керек. Бірақ бұл жерде Нұр Отан мен Ақорда мүдделері сәйкес келеді деп ойламаймын.

— Э. К. Көпшілігі Нұр Отанның қолшоқпары болып табылатын партиялар арасында Нұр Отанға нақты балама бар ма?

— Қ.Б. Нұр Отанға сырт қарағанда балама жоқ сияқты. Егер басқа партияларда Нұр Отан сияқты әкімшілік және қаржылық ресурстардың жоқтығын ескерсек. Барлық аудан және облыс әкімдері Нұр Отан филиалдарының басшылары болып табылатынын еске салған жөн. Алайда, екінші жағынан, белгілі бір балама бар, ол Нұр Отанға қарсы, яғни кез келген партияға дауыс беру. Егер Нұр Отан алдағы парламенттік сайлауда қолдау таппаса, 50%-дан аз дауыс алса, онда барлық әкімдерді ауыстыру туралы мәселе көтеруге болады. Егер Нұр Отан 30%-дан аз дауыс алса, онда барлық әкімдердің кетуін және жаңаларын таңдауды талап етуге болады. Көріп отырғаныңыздай, Нұр Отанға балама бар, ол — наразылық дауыс беру.

— Э. К. Сіздің ойыңызша, Беларусьте болып жатқан сайлауға байланысты оқиғалар қазақстандық азаматтардың көңіл-күйіне және парламенттік сайлауға дейін және одан кейінгі еліміздегі ішкі саяси жағдайына әсер ете ала ма?

— К.Б. Иә. Беларусьтегі оқиғалар қазақстандық азаматтардың көңіл-күйіне әсер етеді. Белорустарға қарап, қазақстандықтар: неге біз олар сияқты талап ете алмаймыз? Сондықтан Беларусьта болған оқиғаның қандай да болмасын әсері бізге жетті.

— Э.К. Сіздің ойыңызша, молдавиялық олигарх Анатолий Статидің ісі бойынша АҚШ пен ЕО елдеріндегі соттардың шешімдері қазақстандық басшыларға ықпал ету құралы бола ала ма? Мысалы, Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтардағы Вашингтонға сапарының алдындағы сияқты. Сол кезде 2017 жылдың желтоқсанында АҚШ-та Ұлттық қор активтері 22 миллиардқа бұғатталды. Бұл істің ел үшін салдары қандай болуы мүмкін?

— К.Б. Стати ісі, Дамоклов қылышы сияқты, көптеген жылдар бойы біздің үкіметімізге төнген қауіп. Әлемдік банк жүйесі кімнің бақылауында екенін ескерсек, бұл — Қазақстан билігіне қысым жасаудың күшті құралы. Әрине, Вашингтон бұл факторды бізге қатысты қолданады. Соңғы мәліметтер бойынша, Стати ісі аяқталуға жақындап келеді, бұған қатысты біздің ұстанымымыз сондай күшті емес. Шамасы, бізге 500 миллион доллардан астам соманы Статиге төлеуге тура келеді. Оның үстіне, соттар 6,2 миллиард долларға біздің акцияларымызды бұғаттады. Ал, біздің Әділет министрі ылғи Статимен сәтті күресіп жатқанын айтады.

Билік Ұлттық қор қаражаты туралы ақпаратпен бізбен, азаматтармен, бөліспейді. Біз ақшаның аяқталу қасиеті бар екенін білеміз. Сондықтан, Ұлттық қордағы ақшаға байлнысты үлкен қиындықтар бар деп пайымдаймын.

Фото: Lenta.ru

Новости СМИ2
Алдыңғы

Мәжілісмендер Оралда әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді

Келесі

Мамин Роскосмостың бас директорымен ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.