Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының депутаттары Ресей Федерациясы Кеңесі мен Қазақстан Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысу үшін Татарстан астанасына ресми сапармен келеді.
Сондай-ақ, қазақстандық халық қалаулылары жұмыс сапары барысында инвестициялық даму агенттігіне барып, Татарстанның экономикалық әлеуетімен танысады.
Сонымен қатар, Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының депутаттары Татарстан халықтарының достық үйінде өтетін қазақ қауымының өкілдерімен кездесу өткізеді.
Сонымен қатар, Қазан қаласына ресми сапары аясында қазақстандық делегацияның басшысы Асқар Шәкіров Ресей Федерациясы Кеңесі төрағасының орынбасары Илья Умахановпен, сондай-ақ Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездеседі.