Бүгін ресми қызметке кірген Қазақстан Республикасының жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші отырыста Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсыныс жасады.
Тоқаев атап өткендей, “Ұлы замандас Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру керек”. Тоқаевтың пікірінше, елорда бұрынғы президенттің атын алып, “Нұрсұлтан”деп аталуы керек.
Тоқаев сондай-ақ Қазақстан астанасында тұңғыш президент құрметіне монумент орнатуды және орталық көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды.
Жаңа Президент атап өткендей, Елбасы үлкен құрмет пен сый-сияпатқа лайық деп келіседі және Назарбаевқа Құрметті сенатор мәртебесін беруді ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап ҚР Президенті лауазымындағы өз өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елге уақытша басшылық жасады.
Сурет: avatars.mds.yandex.net