Бүгін 2019 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан картасында жаңа аталған елді мекен пайда болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Зырян қаласын Алтай деп атау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
“Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы мен Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы мен Алтай қаласы болып қайта аталсын”,-делінген Жарлық мәтінінде .
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанда бұл алғашқы қайта аталу емес. Тек осы жылы ғана Алматы қаласындағы 130-дан астам көше және Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше аудан атауы өзгертілді.
Сулет: kaztag.kz