Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (ИАТҚҰ) екінші сессиясының қорытындысына арналған брифинг өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Брифингке Қазақстан Сыртқы істер және ауыл шаруашылығы министрліктерінің, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының өкілдері қатысты.
Брифинг барысында ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева барлық қатысушыларға ұйымның институциалануына байланысты процедуралардың аяқталғанын хабарлады.
Сонымен қатар, ол ұйымның алдағы қызметі бойынша жоспар жасалғанын, атап айтқанда, басым міндеттері айқындалғанын айтты.
ИАТҚҰ бас директоры Ерлан Байдәулет елеулі институционалдық мәселелерді қамтитын 16 қарардың қабылданғанын хабарлады.
Брифинг соңында қатысушылар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ИАТҚҰ-ның іске қосылуы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына қатысушы елдердің ауыл шаруашылығы саласының жақсаруына оң ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.