Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұхтар Тілеуберди Уругвай Сыртқы істер министрі Родольфо Нин Новоамен кездесті,деп хабарлайды Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті сұрақтарды және екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелерді талқылады.
Екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың перспективалы бағыттары туралы айта келіп, сыртқы істер министрлері сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты арттыру қажеттігін атап өтті.
Келіссөз барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары көпжақты форматтағы екіжақты
қатынасты тереңдетуге мүдделі екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында Уругвай сыртқы істер министрі қазақстандық әріптесін ресми сапармен келуге шақырды.