Республикамыздың оңтүстік астанасының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда IT-технологиялар жастар арасындағы ең өзекті сала болғандықтан, Алматыда дарынды жастарға арналған жаңа IT-технопарк ашылатынын айтты. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматы қаласы басшысының айтуынша, жаңа IT-технопаркі Esentai Mall сауда орталығының жанында орналасады. Бұл жобаны жүзеге асыру туралы айта келе, Сағынтаев ғылым және зерттеумен айналысатын адамдарға арналатынын атап өтті.
Сондай-ақ, оңтүстік астана әкімі Алматы әкімдігінің қызметі білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, туризм және кәсіби қызмет саласын дамытуға бағытталатынын хабарлады.
Бақытжан Сағынтаев қазір Алматыда сауда саласына ерекше назар аударылғанын, алайда ол бюджетке айтарлықтай табыс әкелмей жатқанын мәлімдеді. Сондықтан, әкім жас мамандар өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуі үшін жұмыс орындарын ашу қажет екенін айтты.