Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Моңғолиядағы жаңа елшісі болып Жалғас Әділбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Мемлекет басшысының жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Әділбаев өзінің дипломатиялық қызметін мемлекеттік хаттама басқармасы бөлімінің бастығы қызметінен бастады. Одан әрі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама қызметін басқарды.
Әр жылдары Литва мен Австриядағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Иран Горган қаласындағы Қазақстанның бас консулы қызметін атқарды.
Ағымдағы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.
Сурет: inform.kz