Қазақстан бюджетінің газ бен мұнай экспортынан түсетін табысы үш есе төмендейді. Бұл туралы Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов мәлімдеді.
Ол бүгінгі таңда мұнай нарығында құбылмалылық жағдай байқалатынын атап өтті. Егер соңғы екі жылда мұнай сатудан мемлекеттік бюджетке бір триллион теңге түссе, қазір коронавирус пандемиясы салдарынан бүкіл әлем бойынша мұнай тұтыну күрт төмендеді.
“Мұнай бағасы 25 долларға дейін төмендеген кезде экспорттық кедендік баж нөлге жетеді және мұнай компанияларынан түсетін түсімдер нөлге тең болады. Қара алтынның қазіргі бағасы сақталғанда Қазақстан бюджетінің тапшылығы ЖІӨ – нің 1,2% – ын құрауы мүмкін, ал мұнай мен газ экспортынан қазынаның табысы үш есе қысқарады”, – деді ол.
Жақсылықов атап өткендей, қазір біздің мемлекетіміз үшін бірінші кезектегі міндет жұмыс орындарын сақтау болып табылады.
Алайда мұнайға сұраныстың төмендігін ескере отырып, мұнай-газ саласындағы жұмыс штаты қысқартылуы мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда екі мыңнан астам мұнай компаниясы жұмыс істейді, онда 200 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Сурет: ru.sputniknews.kz