Қазақстан халық банкінің өкілдері ,қазір банкте Нұр-Сұлтандағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) құрылысын қаржыландыру мәселесі қарастырылғанын хабарлады.
Банктің ақпараты бойынша, “Астана LRT” компаниясы оларға өз облигацияларын сатып алу туралы ұсыныс жасады. Өз кезегінде халық банкінің өкілдері бұл ұсынысты қарастыратынын айтты.
“Мәмілеге қатысу мүмкіндігі туралы түпкілікті шешімді банктің уәкілетті органдары болжамды орналастыру параметрлері анықталғаннан кейін және Банктің тиісті бөлімшелері мәмілеге әлеуетті қатысудың барлық қажетті рәсімдерін жүргізгеннен кейін қабылдайды”, – деп банктің баспасөз қызметінде ақпарат берді.
Қазіргі уақытта жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) құрылысының құны 1,5 миллиард долларды құрайды.