Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті елдің Еуразиялық экономикалық одақтың басқа қатысушыларымен тауар айналымы 6,2%-ға өскенін хабарлады. Экономистер 2018 жылдың қорытындысын шығара отырып осы деректерді алды.
Қазақстан ЕАЭО елдерімен жалпы 17 084,6 млн долларға сауда жасады. Атап айтқанда, ЕЭО елдеріне қазақстан экспортының көлемі есепті кезеңде 5257,9 млн долларды, импорт – 11 826,7 млн долларды құрады.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясы 91, 9%, Қырғыз Республикасы – 4,4%, Беларусь Республикасы – 3,6% және Армения Республикасы – 0,1% құрайды.
Сулет: inform.kz