Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында мұнай өнімдерін заңсыз сату және тасымалдау фактілері бойынша екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз 231 тоннадан астам шикі мұнайды және 20 мың литр дизельді тасымалдау және сату фактілерін анықтады.
Өскемен қаласының №2 соты кінәлі адамдарды 3 жылға және 1 жылға 6 айға үкім шығарды.
Барлық алынған өнім мемлекет кірісіне қайтарылды.
Сурет: inform.kz