2019 жылы қазақстандық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 3,8% — ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінде атап өткендей, кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу өндірісі 3,7%-ға, өңдеу өнеркәсібі өндірісі 4,4% — ға, Қазақстанды электрмен жабдықтау, сондай-ақ газ, бу беру және ауа баптау-1,3% — ға өсті.
Сумен жабдықтауға, кәріз жүйесіне және қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауға келетін болсақ, өндіріс 3,2% — ға қысқарды.
Өткен жылы елімізде мұнай, табиғи газ және металл кендерін өндіру артты. Сондай-ақ фармацевтикалық өнім, машина жасау және мұнай өңдеу өндірісі өсті. Алайда, азық-түлік пен темекі өнімдерінің өндірісі құлдырап кетті.
Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында 2019 жыл бойы өнеркәсіптік өнім өндіру көлемінің артуы байқалды.
Сурет: inbusiness.kz