Қазақстанның алты қаласында World Investor Week халықаралық инвесторлар апталығы өтеді. “Астана” халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) осы оқиға аясында 4 қазанда мемлекеттік органдар мен “Атамекен”Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесу өткізбекші.
Кездесудің негізгі мақсаты қазақстандық халықтың инвестициялық хабардарлығын арттыру болып табылады. Іс-шара бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымының (IOSCO) қатысуымен өтеді.
World Investor Week 30 қыркүйекте Петропавл, Ақтау, Қарағанды, Түркістан, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында өтеді. Іс-шара барысында исламдық қаржы апталығы, инвесторлар күні, сондай-ақ инвестицияларды жылжыту бойынша түрлі бағдарламалар өткізіледі.
Сурет: inbusiness.kz