Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ресми интернет-ресурсында жарияланды. Онда мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі күшейту туралы айтылады, деп ведомствоның сайты хабарлады.
Қазақстанға шетелден авиарейстермен келген барлық адамдар ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. Анықтаманың мерзімі-72 сағаттан аспайды.
Ерекше жағдайлар бар.
“Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; адамдарды қоспағанда,”, — делінген құжатта.
Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 5 жасқа дейінгі балалар үшін де ерекше жағдайлар бар. Анықтама оларды алып жүретін адамдарда анықтама болған жағдайда ұсынылмайды.
Сонымен қатар, авиакомпания басшыларына анықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызбауды тапсырды. Бұл тек шетелдіктерге қатысты.
Осы қаулы ағымдағы жылдың 27 қазанынан бастап күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында еліміздің бас санитарлық дәрігері Отанына оралған қазақстандықтарды ПТР-анықтамасыз рейске жібермейтінін хабарлады.
Сурет: forbes.kz