Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова республикада карантиндік шаралардың қалай алынатыны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы.
Есмағамбетова төтенше жағдай режимін аяқтау елімізде барлық шектеу шараларының тоқтатылғанын білдірмейді, өйткені індет әлі басылған жоқ деп ескертті.
Бас сандәрігер Қазақстанда карантиндік шаралар кезең-кезеңмен жеңілдетілетіндігін айтады. Жұмсартудың бірінші кезеңі аурудың бір апта ішінде 7% – дан аспайтын өсуімен байланысты болды.
Жеңілдетудің екінші кезеңі біздің республикада COVID-19 ауруының өсуі аптасына 5%-дан, ал үшіншісі – аптасына 2% -дан аспағанда басталады.
Сонымен қатар, Айжан Есмағамбетова әр аймақта карантинді жеңілдету санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеке сценарий бойынша жүзеге асырылаитынын атап өтті.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында коронавирус ауруымен 5279 жағдай тіркелді, олардың ең көп саны Алматыда – 1622 жағдай тіркелді.
Сурет: zakon.kz