Біздің республикамыздың жоғары оқу орындары өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылған Green Metrics ең экологиялық университеттерінің рейтингіне енді.
Дүниежүзілік рейтингке 10 қазақстандық жоғары оқу орны енгізілді. Олар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — 216 орын, Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті — 302 орын және Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті — 304 орын
Отандық ЖОО арасында рейтингке Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті — 344 орын, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті — 401 орын және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті — 421 орын кірді.
Ал 559-шы орынды Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне бұйырды. 602 және 663 орындарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты және Алматыдағы Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті орналасқан.
Ең экологиялық жоғары оқу орындарының рейтингісінде Вагенинген университеті мен Нидерландтағы ірі жоғары оқу орны болып табылатын ғылыми-зерттеу орталығы жетекші орынға ие болды.