Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Экономика

Қазақстандықты алуға тиіспіз: Қарағанды облысының әкімі «АрселорМитталға» жүгінді

6 года назад
Нужно брать казахстанское: аким Карагандинской области обратился к АрселорМиттал

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын отандық өндірушіге бет бұруға шақырды. Өңір басшысы көрсеткіштерді кем дегенде екі есе ұлғайтуға нақты мүмкіндіктер бар екендігіне сенімді, деп «Қазақпарат» ХАА хабарлайды.

Облыс әкімі бұл мәселені өз қолына алып, айналысуға дайын екендігін мәлімдеді.

Компанияның жергілікті тауар өндірушілерімен ынтымақтастығын нығайтуы үшін облыс әкімдігінде кездесу ұйымдастырылды.

«Бүгін бізде бірқатар мәселелер бар. Өңірдің тауар өндірушілерінде де мәселелер бар. Негізгі мәселе — жергілікті зауыттар шығаратын өнімдерді ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға сату. Бүгін арамызда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен жұмыс істеп жатқан және жеткізу көлемін одан ары арттыра алатын өндірушілер бар. Менің ойымша, осы үстел басында біз қандай да бір ортақ шешімге келе аламыз»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімінің тапсырмасымен өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы «АрселорМиттал Теміртау» сатып алуларына егжей-тегжейлі талдау жасады.

«Біз сатып алынған тауарлардың барлық тізімін зерттедік — 20 мыңнан астам атаулы тауар, оның ішінде қазақстандық өндірістің тауар позицияларының үлесіне 3 422, ал жергілікті — 703 болды. Импорт 17 034 тауар түрін құрады», — деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Қайрат Шорманбаев.

Талдау көрсеткендей, компания өткен жылы шетелден 70,3 млрд теңгеге тауар әкелген. Облыста шығарылатын өнім 5,2 млрд теңгеге сатып алынды.

Қазақстанның басқа өңірлерінде тауарлар сатып алуға 25,6 млрд теңге жұмсалды. Компания 49 қарағандылық кәсіпорын өнімін сатып алды. Бұл ретте потенциал әлдеқайда жоғары. Облыста өндірілетін тауарлар бар екендігіне қарамастан, компания ұқсас өнімді импорттауды жалғастыруда.

Кездесу диалог алаңы форматында өтті. Әрбір өндіруші өз ойымен бөлісе алды. Әрбір тауар позициясын егжей-тегжейлі қарастырды.

Жергілікті тауар өндірушілердің сұрақтарына келесі компания өкілдері жауап берді: атқарушы директор Вадим Басин және өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Мохан Винит.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов индустриялық сертификат иелеріне компанияның сатып алуларында преференциялар енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін металлургиялық кластер арқылы арттыруға болады.

«Мен бұл мәселемен өз қолыма алып айналысамын. Компания бізді түсінуі тиіс, яғни барлық мемлекеттер отандық өнімді алға жылжытады және импортты алмастыру басымдықтарына қояды. Егер осындай шетелдік өнім біздің облыста шығарылатын болса, бағасы мен сапасына сәйкес келсе, біз жергілікті тауарды сатып алуларыңызды талап ететін боламыз, — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. — Бұл жерде салық төлейтін және жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындар. Сіздер Қазақстанда жұмыс істеп жатқандықтан, біздің халқымыз сіздерге қарап отыр, сондықтан өтініш, біздің өндірушілермен жұмыс істеңіз! Біз бұл жерде артық ештеңе сұрамаймыз».

Кездесу барысында компания өкілдері кәсіпорындарға барып, барлық ұсыныстарды қарастырып, зерттеуге келісті. Екі аптадан кейін жаңа кездесу өтеді, онда жергілікті қамту бойынша міндеттемелер алынуы тиіс. Өңір басшысы деңгейді 10-12% — ға дейін көтеруге болады деп санайды.

Жеңіс Қасымбек осындай кездесулер өңірдің барлық жүйе құраушы компанияларымен өтетінін айтты.

Сурет: inform.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері сандық экономиканың болашағын талқылауда

Келесі

Асқар Мамин жасанды интеллект экономиканы оңтайландырады деп санайды

Ұсынамыз Пост

Еліміздің денсаулық сақтау саласында қандай медициналық қызметтерге тарифтер қайта қаралатыны айтылды
Экономика

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

14/05/2021 18:32

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 894 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 2021 жылдың қаңтар - сәуір айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 274,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне...

Свыше триллиона тенге планируют инвестировать в развитие Алматы
Саясат

Алматының дамуына триллион теңгеден астам қаражат инвестиция салуды жоспарлап отыр

24/04/2021 15:04

  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен инвестициялар тарту жөніндегі кеңесте экономиканың тұрақты дамуының негізі ретінде негізгі капиталға салынатын инвестициялардың одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды. Қабылданып жатқан шаралардың, соның ішінде Almaty Business-2025 бағдарламасы шеңберіндегі шаралардың арқасында белсенділігі...

Минфин выявил нарушения в госзакупках более чем на пятьдесят млрд тенге
Экономика

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларда елу млрд теңгеден астам заң бұзушылықтарды анықтады

12/04/2021 17:00

Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекеттік сатып алуларда анықталған бұзушылықтар туралы айтты, деп zakon.kz хабарлайды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында камералдық бақылаумен 2,9 трлн теңге сомасына 305 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 9 111 рәсім бойынша...

Чиновники двух областей получили строгие выговоры за рост цен на продукты
Экономика

Екі облыстың шенеуніктері азық-түлік бағасының өсуі үшін қатаң сөгіс алды

12/04/2021 15:32

Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарлары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуі үшін қатаң сөгіс алды, деп zakon.kz хабарлайды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, кейбір өңірлерде әлі күнге дейін азық-түлік бағасының жоғары өсуі байқалады. Мәселен, 6 сәуірдегі...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.