Қазақстан делегациясы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына қатысты, онда осы ұйымға қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қатысты мәселелер талқыланды.
Қазақстан көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитов басқарған қазақстан делегациясының құрамына “Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әсет Асавбаев және ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы тұрақты хатшылығының біздің мемлекеттегі өкілдігінің басшысы Рустан Дженалинов кірді.
Бұл отырыстың күн тәртібіне шығарылған басты мәселе ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығының жаңа Бас хатшысын сайлау болды.
Кездесуге қатысушылар дауыс беруден кейін, ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшысы Қазақстандық кандидат Әсет Асавбаев болады деп шешім қабылдады.
Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, ТРАСЕКА Еуроодақ мемлекеттері мен “Еуропа-Кавказ-Азия” көлік дәлізін ұйымдастыру бойынша серіктес елдер арасындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы болып табылады.