Австралияның Australian Open-2019 ашық чемпионатының сайтында жарыстың алғашқы екі күнінің кестесі орналастырылған, деп хабарлады “SPORTINFORM”спорттық ақпарат агенттігі.
Дүйсенбі, 14 қаңтар күні турнирдің негізгі кестесі басталады. Бұл күні қазақстандық Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Ол Алматы уақытымен сағат 10-да Чехиялық Барбара Стрыцовамен кездеседі.
Сейсенбі күні сағат 6-да Зарина Дияс сербиялық Александра Круничпен, ал сағат 10 – да Михаил Кукушкин мен Люк Пуйе кездеседі.
Сурет: tennistours.com