Қазақстандық логистика және тасымалдау департаментінің басшысы Мұрат Амрин отандық тасымалдаушылар үшін шекара барлық бағыттарда ашық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы.
“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілінің айтуынша, қазір еліміздің көптеген өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп, қазақстандық тасымалдаушыларды өткізіп жатыр.
Алайда, тасымалдаушыларды Бақты, Майқапшағай және Калжар өткізу пункттері арқылы өткізбейді. Бұл ішкі істер министрлігі мен әкімдіктер қойған кедергілерге байланысты.
Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген елдердің тасымалдаушыларына шектеулер қолданылады.
Мұрат Әмірин егер тасымалдаушы Қазақстанға коронавирус тіркелген елдерден келсе, онда ол екі апталық карантинге орналастырылады. Егер тасымалдауды жалғастыру қажет болса, онда көлікті тіркеу не жүргізушіні ауыстыру қажет.
Сурет: Anvay.ru