Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының өкілдері полицейлер еліміздің 11 млн-нан астам азаматының жеке мәліметтерінің жайылып кетуі бойынша тергеуді бастағаны туралы ақпарат берді.
Аталған факті бойынша Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Есіл аудандық ПБ-да ҚР ҚК 211 – бабының 1-бөлігімен (қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) 2019 жылы 22 шілдеде қозғалған СДТБТ №197115031001878 шеңберінде сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады ведомстводан.
Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығында әзірге ұйымның атауы туралы ақпарат бермейді.