ЖЗҚ зейнетақы активтері 450 млрд теңге сомаға нарықтық шарттарда 15 жыл айналым мерзімімен және жылдық 10% сыйақы мөлшерлемесімен “ҚазАгро “ҰБХ” АҚ облигацияларына инвестицияланды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
“ҚазАгро” ҰБХ ” АҚ агроөнеркәсіптік кешеннің индустриялық дамуын ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыратын негізгі институт болып табылады. “ҚазАгро” ҰБХ-ның жалғыз акционері мемлекет ретінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.
“Холдинг халықаралық рейтинг агенттіктерінің жоғары кредиттік бағасы бар, бағалы қағаздар нарығындағы сенімді қарыз алушылардың қатарына жатады. Мәселен, Fitch Ratings агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша “ҚазАгро “ҰБХ” АҚ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі оң болжаммен “ВВВ-” деңгейінде тұр. Холдингтің меншікті капиталы 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 244,9 млрд теңгені құрайды”, — делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды секторларының біріне жатады және өндіруші саланың Қазақстан экономикасына теңдестіруге қабілетті негізгі драйвер ретінде қаралады.
“Осылайша, бір жағынан, жоғарыда аталған Инвестициялар жыл сайын БЖЗҚ салымшыларына елеулі инвестициялық кіріс әкеледі, екінші жағынан саланы қаржылық сауықтыру, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қарыз жүктемесін төмендету, бағамның нарықтық ауытқуына байланысты валюталық тәуекелдерді азайту, сондай — ақ кредит беру көлемін ұлғайту есебінен агроөнеркәсіптік секторын одан әрі дамытуға және жаңғыртуға елеулі қолдау көрсетеді”, — деп хабарлады Ұлттық Банк.
Сулет: news.mail.ru