Қазақстан ҰҚК “Жусан” гуманитарлық арнайы операциясының үшінші кезеңі туралы фильм жариялады, деп хабарлайды Today.kz.
2019 жылғы 28-31 мамырда “Жусан” гуманитарлық арнайы операциясының үшінші кезеңі өтті.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлағандай, Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының үйлесімді жұмысы мен шетелдік әріптестермен тығыз қарым-қатынастың арқасында жауынгерлік іс-қимыл аймақтарынан 171 бала қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазақстанға оралғаннан кейін олар оңалтудан өтіп, барлық қажетті көмек алатын арнайы бейімдеу орталығында орналасқан.