Қазгидрометтің метеорологтары бүгін еліміздің кейбір аймақтарында дауыл болатынын ескертті.
Ауа райының нашарлауы Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында болады.
Маңғыстау облысында көктайғақ пен тұман болжалды.
Қостанай облысында бұрқасын болуы мүмкін, жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында да осындай жағдай, желдің күші секундына 25 метрге, ал Түркістан облысында жел секундына 23 метрге дейін жетеді.
Ал Алматы және Қызылорда облыстарында осы демалыс күндері өзен суы шамадан тыс көтерілуі мүмкін. Бұл Алматы облысы мен Сырдария су қоймалары.
Сурет: parade.com